Әкімнің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі

Әкімнің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі

2025 жылдың 17 желтоқсанында Ақтасты ауылында Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаевтің және Ақтасты ауылдық округі әкімі Д.Қазбайдың ауыл тұрғындарымен есепті кездесуі өтті. Жиын барысында өткен кезеңде орындалған жұмыстар мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Ақтасты ауылындағы аудандық маңызы бар 0-14 шақырым автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2026 жылы Ақтасты ауылын газбен қамту мәселесі оң шешімін табатын болады.