Аудан прокуратурасы қазіргі уақытта аудан аумағында алаяқтық түрлерінің көбейуіне байланысты алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауыңызды сұрайды.
Көбінесе алаяқтар өздерін банктердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар Сіздерге шоттарыңызда күдікті транзакциялар жүріп жатыр деп сендіріп, белгісіз тұлғалармен атыңызға несие рәсімделіп жатқандығын айтып, ақша қаражаттарыңызды «арнайы шотқа» аудару қажеттігін айтып, телефоныңызға арнайы қосымшаларды орнатуды сұрайды.
Сонымен бірге Сіздің банк картаңыздың нөмірін, соның ішінде SMS кодтар мен картаңыздың құпия сөздерін біліп алуға тырысады.
Мұның бәрі алаяқтар!!
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 953-бабының 1-бөлігіне сәйкес негiзсiз иеленiп алынған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.
Егерде алаяқтардың құрбаны болған жағдайда аудандық полиция бөліміне хабарлап, азаматтық сот тәртібінде негiзсiз иеленiп алынған мүлiктi қайтарып алу құқығыңыз бар екенін түсіндіреміз.
Әйтеке би ауданының прокуратурасы