"Айгөлек" балабақшасы 1987 жылы салынған болатын. Әбден тозығы жеткен ғимарат биыл күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға табысталды. Жөндеу кезінде жарықтандыру жүйесі мен жылыту жүйелері сапалы түрде жаңғыртылды. Сондай-ақ, кәріз жүйлері де іске қосылып, балалардың қол жуу бөлмелері бүлдіршіндерді ғана емес ата-аналарды да қуантып отыр. Жөндеу жұмыстары тамыз айынан басталып, қараша айының соңғы жартысында толық аяқталды. Балабақша елу балаға арналған, қазірдің өзінде қырықтан астам бүлдіршін тәрбиеленіп отыр.