Тереңсай ауылында Ауған соғысының ардагері "Қызыл Жұлдыз" орденінің иегері Қожабек Қалдановты еске алуға арналған IV волейбол турнирі өткізілді. Салтанатты ашылу барысында арнайы келген қонақтар сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінің директоры Г.Н.Стручковтың "Отқа оранған Ауғанстан" кітабы табысталды.
Жалпы турнирге Қостанай облысының Қамысты, Алтынсарин аудандары және Әйтеке би ауданының елді мекендерінен барлығы 10 команда қатысты. Турнир жеңімпазы "Тереңсай-1999" болса, екінші орын "Тереңсай ІІ", үшінші орынға "Жүргенов" командасы ие болды. Жеңімпаздар грамота, медаль және де Қ. Қалдановтың жодастары, жеке шаруашылық иесі С. Белоусовтың атынан қаржылай сыйлықтар табысталды.