“Әйке” шекара бөлімшесінде 18-тамыз ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына орай шағын футболдан жарыс өткізілді.
Жарыста Шекарашылар, Ақтасты, Сұлукөл, Әйке, Жас шекарашылар, Ауыл жастары-2001, Талдысай, ҚТЖ командалары бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын Сұлукөл
2-орын Әйке
3-орын ҚТЖ командалары бөлісті.
Жарыста өздерін үздік көрсеткен “Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік Шабуылшы”, “Үздік сұрмерген” ойыншылар бағалы сыйлықтар және дипломмен марапатталды.