Дәстүрге айналған шағын футболдан жыларалық жарысы былтырғы маусымның чемпиондары 1997 жылғылар командасының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
🥇Жарыс жеңімпазы екінші жыл қатарынан 1997 жыл командасы атанса,
🥈ІІ орын иегері 1993 жыл командасы,
🥉ІІІ орынды 1998 жыл командасы иеленді.
🎗Үздік ойыншы: Табынбай Айбек 1998 жыл
🎗Үздік қақпашы: Жакаев Аманбек 1988 жыл
🎗Үздік қорғаушы: Үсенов Медет 1993 жыл
🎗Үздік шабуылдаушы: Қуанбай Айдын 1997 жыл
🎗Үздік төреші: Табынбай Самғат 1999 жыл
Тартысқа толы додада ауыл тұрғындарынан демеушілік білдіргендер де болды. Атап айтсақ, бірінші орынға ауыл тұрғыны Ахметбаев Байғали (1979 жыл) ағамыз тоқты атаса, Жаназаров Нұрлан (1979 жыл) аға 50 мың теңге ақшалай жүлде қорын ұсынған болатын. Ұйымдастырушылар тарапынан бұл ақшалай жүлде 2 ші және 3 ші орын алған командаларға сәйкесінше 30 мың тг, 20 мың тг көлемінде үйлестірілді. Сондай-ақ 4 ші орын алған 1988 жыл командасына 15 мың тг ақшалай сыйлық табыс етілді.
Жарыс жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!