• Цифрлық технологиялар және жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша кездесу

•  Цифрлық технологиялар және жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша кездесу

2026 жылғы 23 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері мен Ақтөбе Hub өкілінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Astana Hub филиалы – Ақтөбе Hub қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, мемлекеттік мекемелерге арналған автоматтандырылған презентациялар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне IT және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, заманауи цифрлық шешімдерді мемлекеттік органдардың жұмысында тиімді пайдалану және жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселелеріне назар аударылды.