
2026 жылғы 23 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Ақбергенұлы Шілманов кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтауы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі кәсіби әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, кадрлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.