Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссия төрағасының басшылығымен индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шеңберіндегі аудиттік іс-шаралардың нәтижелері бойынша уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылармен Ақтөбе облысында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар орталық уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.