Асылбек Қалдыбайұлы Құлмағамбетов 1962 жылы 01 тамызда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданынында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1990 жылы - Ақтөбе педагогика институтын «Дене тәрбиесі мұғалімі», 2006 жылы - Мемлекеттік Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін «Юриспруденция бакалавры» және 2015 жыл – С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын бітірген.
Еңбек жолын 1984-1985 ж.ж. – «Қайрат» ерікті-спорттық қоғамы оқу-спорттық бөлімінің меңгерушісі болып бастады.
1985-1995 ж.ж. – Ақтөбе облыстық спорт комитеті облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.
1995-1997 ж.ж. – «Манас» шаруа қожалығының директоры.
2001-2005 ж.ж. – «Ұлттық күрес, самбо, дзюдо спорттық клубы» жеке қорының директоры.
2005-2007 ж.ж. - «Ақтөбе облысының Олимпиада резерві даярлайтын орталығы» ММ директоры.
2007-2014 ж.ж. - Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы.
2015-2016 ж.ж. - Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2016 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымында қызмет атқаруда.