Аудандық ғылыми жобалар сайысы өтті

Аудандық ғылыми жобалар сайысы өтті
Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен 02.05.2025 жылы «Тылсым дүние сырлары кітабының авторы Мақсат Әубәкіров атындағы Ырғызбай Досханаұлының кесенесінің «Дала кітапханасынада» аудандық ғылыми жобалар сайысы өтті. Мақсаты Оқушылардың шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту. Жаратылыстану – гуманитарлық бағытына шығармашылық ізденіске қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау және қолдау. Оқушылардың бойында Отансүйгіштік, өлке тарихын, мәдениетін зерттей отырып, азаматтық жауапкершілік қасиеттерін дамыту. Сайысқа барлығы 38 оқушы қатысты, сайыс 2 бағытта 8 секция бойынша өтті.
Гуманитарлық бағыт өлкетану және тарих секциясы бойыншы 1 – орын Нұржанқызы Аяулым 2 - орынды Мұрат Саян, Мұратбек Ақарыс, 3 – орынды Қамыза Айгерім, Оралхан Әлихан иеленді. Әдебиет секциясы бойынша 1 – орын Бақытбек Айару, 2 – орын Сайлаубек Айзере және Бақтығалиқызы Алина, тарих секциясы бойынша 2 орынды Нұрбақытқызы Бақбер, қоршаған ортаны жіне адам денсаулығын қорғау секциясы бойынша , Жұмағазы Аружан иеленді. Жеңімпаздарды Әубәкіров Мақсат Әлімғазыұлының отбасы және туысқандары атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Комиссия мүшелеріне ақынның «Әулие Ырғызбай және тылсым дүние» кітабы сыйға берілді.