«Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді

«Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді
2025 жылдың 24 сәуір күні орталық алаңда Аудандық білім бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
ЖҚЖИ байқауның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын ескерту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару.
Байқауға аудан мектептерінен 11 команда қатысып, бақ сынасты.
Байқау 5 кезең бойынша өткізілді.
1-кезең: амандасу, командасымен таныстыру, кез келген нысанда, 5 минуттан аспайды.
2-кезең: саптық байқау.
3-кезең: жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) білгірлері.
4-кезең: жас санитар.
5-кезең: қауіпсіз дөңгелек.
Байқау қорытындысына келетін болсақ, АПБ бастығы А.Бауыржанов 5 кезең бойынша ең үздік өнер көрсеткен қатысушыларға, командаларға 1,2,3 дәрежелі дипломдар, мадақтамалар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Жалпы 5 кезеңнің ұпайлары бойынша 1 орын – К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің «Жас күзет» командасы;
2 орын – Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің «Ақжол» командасы;
3 орын – М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің «Жас тәртіп сақшылары» командасы иеленді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Кыдармолдин қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлделі орын алған командаларға диплом және кубок табыстады.