Ақсуат ауданы мектептерінде «Құқықтық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын алу» жұмыстары бойынша Ақсуат ауданының прокуроры Думан Қонысбайұлы, Ақсуат ауданының білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Мухаметрахимова Жанар Жексенбекқызы ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Мектептерде құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласуға болатын «URPAQ» көмек көрсету телеграмм чат-бот QR орналастырылған.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың, нашақорлықтың алдын-алу, лудомания, зорлық-зомбылық, буллинг, интернеттегі алаяқтық, топтық төбелес, заңсыз көлік жүргізу және ұрлық мәселелері бойынша толыққанды түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жиын соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, сала мамандарының ескертулері мен қауіпсіздік шараларына басты назар аударды.