
Тоғас батыр атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Құсайынов Данияр Тілешұлын еске алу турнирі болды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс өтті. Жарыстың алғашқы кіріспе сөзін мектебіміздің директорының у.м.а Г. Малгаждароваға берілді. Ұстазымызды еске алып келесі сөз кезегі анасына берілді. Жарысқа барлығы 13 команда қатысты.

I орынды Қарғыба ауылы Ю.Гагарин мектебінің командасы,
ІІ орынды Ойшілік ауылы Тоғас батыр атындағы орта мектебінің командасы,
ІІІ орын Сәтбаев ауылы Қ.Сатбаев мектебінің командасы,
ІІІ орынды Жәнтікей ауылы С.Сейфуллин мектебінің командалары, команда қатысушылары арасында үздік шабуылшы, үздік жаттықтырушылар марапатталды.