Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай төтенше жағдайлардың алдын алу

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай төтенше жағдайлардың алдын алу
Ақсуат ауданының білім бөлімінің жоспарына сай, Көктүбек мектеп - бөбекжай - балабақша кешені” КММ - де 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Абай облысы Ақсуат ауданы #11 Өрт сөндіру бөліміне бір күндік саяхат сабақ ұйымдастырылды. Жылжымалы саяхат сабаққа 8-9-10-11 сынып оқушылары тартылды. Саяхат сабағы барысында # 11 өрт сөндіру бөлімінің бір күндік тұрмыс-тіршілігі таныстырылды . Әскери өрт сөндіру бөлімінде тұрған өрт сөндіру машиналар т.б өрте қарсы құралдар көрсетіліп, арнайы өртке қарсы киімдерді оқушылар киіп көріп қызықтады.Оқушылардың бір күндік саяхат сабақтан алған әсерлері жоғары болды.
Ұйымдастырушылар: АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы К. Калиханов
Кәсіби бағдар беруші педагог Г.Нугыманова