"Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауы

"Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауы

Бүгін, 12 наурыз күні, Семей қаласында "№10 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ базасында өткен облыстық "Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауына ауданымыздан 3 оқушы, 3 бағытқа қатысты. Нәтижесінде, ақындар мүшәйрасы байқауынан "Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі" КММ-нің 10-сынып оқушысы Арқатқызы Нұрай 1 орын, Хандар-батырларға жоба қорғау бағытынан "Ю.Гагарин атындағы орта мектебі" КММ-нің 8-сынып оқушысы Өтебекова Зарина 3 орын, Эссе жазу аясында "К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі" КММ-нің 10-сынып оқушысы Айдынқызы Ұлпан сертификатпен марапатталды. Талабына нұр жауған оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!