Ата-аналар жиналысы өтті

Ата-аналар жиналысы өтті

Ақсуат ауданының білім бөлімінің кәсіптік бағдар беру жұмысының 2025 жылғы жоспарын іске асыру мақсатында, Көктүбек мектеп - бөбекжай - балабақша кешені" КММ-де күні 11- сынып оқушыларының ата-аналарымен "Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін қолдану арқылы мұғалім мен ата -ананың рөлін арттыру . Жиналыста бірінші жартыжылдық бойынша оқушылардың оқу үлгерімі жайлы мәлімет берілді. Қорытынды мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ны тапсыру туралы қосымша ақпараттар берілді. Жиналысқа қатысушыларға "Біз біргеміз" тренингі өткізілді. Ата-аналарға түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасып, ағымдағы мәселе жайлы және алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары таныстырылып, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртіптері жайлы да мәлімет берілді. Жиналысты кәсіби бағдар беруші педагог Г.Нұғманова биылғы оқу жылындағы ҰБТ -ғы ерекшеліктер таныстырып, түсіндіріп, оқушыларға кеңес берді.