«Артық білім – кітапта...» байқауы өз мәресіне жетті

«Артық білім – кітапта...» байқауы өз мәресіне жетті

📚 «Артық білім – кітапта...» байқауы өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Tas Group» компаниялар тобының басшысы, «Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы, кәсіпкер, меценат Тастекей Дулат Тұрсынұлының және облыс әкімдігінің қолдауымен «Артық білім – кітапта...» жобасы аясында Ақсуат ауданындағы «Ақсуат колледжі» КММ-де аудандық білім бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Алтын бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі шеңберінде «Артық білім – кітапта...» облыстық кітап сайысының финалдық кезеңі өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

🏆 Бас жүлде – автокөлік иегері атанған Абай ауданының «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Бес асыл» командасы.

Байқаудың ең ерекше сәттерінің бірі – бас жүлде иегеріне автокөліктің табысталуы болды. Бұл сыйлықты Ақсуат өңірінің тумасы, кәсіпкер әрі меценат Қайырлы Қасенов арнайы демеушілік жасап ұсынды. Оның жастардың білімге ұмтылысын қолдауға бағытталған бұл бастамасы қатысушылар мен көрермендердің зор ықыласына ие болды.

🥇 І орын – Ақсуат ауданының "Ы.Кабеков атындағы орта мектебі" КММ-нің «Assyl bolmys» командасы. Командаға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

🥈 ІІ орын – Бесқарағай ауданының «Өндіріс орта мектебі» КММ-нің «Кітап time» командасы. Команда 700 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды.

🥉 ІІІ орын – Аягөз ауданының «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің «Бес тұлға – Бір мақсат» командасы. Командаға 300 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

👏 Байқауға қатысқан өзге командалар 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтай отырып, білім мен руханият жолындағы ізденістеріне табыс, шығармашылық бастамаларына сәттілік тілейміз!