
"Ақсуат ауданының білім бөлімі" ММ-нің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Қожагелді батыр атындағы орта мектебі" КММ-де «Ұлттық құндылықтар мен заманауи өнер үндестігі» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинардың мақсаты – көркем еңбек пәнін ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, оны заманауи бағыттармен байланыстыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық мәдениетті насихаттау.
Семинар барысында қатысушыларға ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен практикалық жұмыстар ұсынылып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Педагогтер өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара аясында шығармашылық ізденісі мен кәсіби тәжірибесін ортаға салған ұстаздар Ақсуат ауданы білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Семинар соңында қатысушылар шараның маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.