
🔔 1-сыныпқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізілді.
Енді 1-сыныпқа құжаттар 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады.
Аталған өзгеріс бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жаңарту аясында енгізілді.