«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында “Адал азамат” тұжырымдамасы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында аудандық семинар

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында “Адал азамат” тұжырымдамасы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында аудандық семинар

Аудандық семинар жоғары деңгейде өтті

2026 жылдың 15 сәуірінде «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында “Адал азамат” тұжырымдамасы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде «Адал азамат» тұжырымдамасының мазмұндық құрылымдарын тиімді қолдану арқылы оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдарын тәжірибе алмасу негізінде қарастыру.

Іс-шара салтанатты ашылу рәсімімен басталып, «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-нің «Көкжыра еркелері» үйірмесінің жетекшісі А. Дулатованың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.

Семинар барысында аудан мектептерінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мазмұнды ашық сабақтар көрсетті. Атап айтқанда:
• «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ мұғалімі А. Байдиндаева 9-сыныпта «Бәйтерек» поэмасы бойынша ашық сабақ өткізді;
• осы мектептің мұғалімі А. Ыбышова 5-сыныпта «Аспан денелері қалай зерттеледі?» тақырыбында сабақ жүргізді;
• аталған мектептің мұғалімі Д. Елікбек 5-сыныпта Н. Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесін оқыту тәжірибесін ұсынды.

Сонымен қатар, «Көктүбек мектеп–бөбекжай–балабақша кешені» КММ мұғалімі А. Күнкенова «Авторлық бағдарлама: білім мазмұнын жаңғырту мен шығармашылықтың тоғысуы» тақырыбында коучинг өткізіп, әріптестеріне әдістемелік бағыт-бағдар берді.

Семинар аясында мектеп мұғалімі А. Раисова «Әпке» драмасы бойынша сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып, көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Іс-шара соңында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А. Шиянбина қорытынды жасап, мұғалімдердің жұмысына оң баға беріп, әдістемелік ұсыныстарын ұсынды.

Аудандық семинар тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға зор үлес қосты.