
Абай облысы, Ақсуат ауданы оқушылары арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Ақсуат ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «К. Нұрбаев атындағы орта мектебі» КММ-де және «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-де 11-сынып оқушыларымен Ақсуат ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Балтабаев Мұрат Тоғысбекұлының қатысуымен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында Мұрат Тоғысбекұлы мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар және осы саланың ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы мамандық түрлері, олардың ерекшеліктері мен құзыреттіліктері жөнінде толық ақпарат берді.
Мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Р. Сембаев өз сөзінде мектептегі бейіндік оқыту бағыттары мен мемлекеттік басқару мәселелерінің өзара байланысына тоқталды. Ол оқушылардың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білімдерін тереңдету, соның ішінде құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік қызметке қызығушылықты дамыту бейіндік оқытудың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, толық жауап алды.