Қожагелді батырдың 200 жылдық мерейтойына орай танымдық кеш өтті

Қожагелді батырдың 200 жылдық мерейтойына орай танымдық кеш өтті

Қожагелді батырдың 200 жылдық мерейтойына орай Қожагелді батыр атындағы орта мектебінде «Қожагелді батыр: тарих пен тағылым» атты танымдық кеш өтті. Бұл шара ел рухын асқақтатып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған тағылымы терең рухани кеш болды.

Кеш сахнасы 9-сынып оқушысы Маратұлы Ибраһимнің орындауындағы күмбірлеген «Адай» күйімен ашылып, көрерменді ерлік пен елдік рухына жетеледі. Жүргізушілер батырдың ел қорғаудағы ерен еңбегін кеңінен таныстырып, кештің мазмұнын аша түсті.

Сахналық қойылым барысында Қожагелді батырдың өмір жолы көркем түрде бейнеленіп, әрбір көрініс арқылы тағылымды ойлар ұсынылды. Атап айтқанда:
– ана аманаты мен перзенттік парыз,
– бала Қожагелдінің арман-мақсаты,
– бүгінгі оқушының ой-толғамы,
– ел тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдер,
– батырдың ішкі жан толғанысы,
– шайқас алдындағы жігерлі үндеуі,
– жорық бағыттары мен тарихи деректер,
– жеңіс пен рухтың мәңгілік сабақтастығы – барлығы үйлесімді көрініс тапты.

9-сынып оқушысы Мұрат Саян батырға арнаған жүрекжарды өлеңін тебірене оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ал бишілердің «Батырлар биі» қойылымы қайсарлық пен ерліктің символына айналып, кештің көркін аша түсті.

Сонымен қатар «Ер тұлғалы – Қожагелді батыр» тақырыбындағы жас суретшілер көрмесі кеш мазмұнын толықтырып, оқушылардың шығармашылық ізденісін айқындады.

Кеш соңында батыр ұрпағы Бекбаев Болат сөз сөйлеп, ата-баба ерлігін дәріптеген мектеп ұжымы мен оқушыларға шынайы алғысын білдірді.

Бұл тағылымды кеш жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған маңызды рухани іс-шара болды.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат