
«Цифрлық технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы»
2026 жылғы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының жұмыс жоспарына сәйкес «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін ашуға арналған цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, кеше өз мәресіне жетті.
Аталған курс «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ базасында өткізіліп, оған аудан мектептерінен 22 тәрбиеші қатысты. Курсты тәжірибелі тренер Рысгүл Сейтбекқызы жүргізіп, тәрбиешілерге цифрлық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолданудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, олардың терең білім алуына жағдай жасады.
Тыңдаушылар курс барысында алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатты. Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін ашу жолдарын, сондай-ақ жасанды интеллект (ЖИ) арқылы цифрлық технологияларды қолдану әдістерін меңгеріп, сабақ жоспарлаудың тиімді жолдарын қарастырды.
ЖИ арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу, сондай-ақ ертеңгіліктер мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда қолдану әдіс-тәсілдерін үйренген тәрбиешілер курс соңында берілген тапсырмаларын орындап, өз жұмыстарын қорғады. Әрбір тәрбиеші «Не үйрендім? Қолымнан не келеді?» деген сұрақтар аясында рефлексия жасап, курс нәтижесінде алған білімдерімен бөлісті.
Тәжірибелік сабақтар, тренингтер мен пікір алмасу алаңдары арқылы тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Бұл курс тәрбиешілердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға және тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына оң ықпал ететін мазмұнды курс болды.
Курс соңында тәрбиешілер тренер Рысгүл Сейтбекқызына шынайы алғыстарын білдірді.
Бөлім әдіскері Қ. Кужаханқызы білім бөлімінің басшысының атынан тренер Рысгүл Сейтбекқызына Алғыс хат табыстады.
Курс жоғары деңгейде, қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырылды.
Тренер Сейтқазина Рысгүл Сейтбекқызына шынайы алғысымызды білдіреміз.