Жеңіспен оралған жеңімпаздар

Жеңіспен оралған жеңімпаздар

Жеңіспен оралған жеңімпаздар

9–11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетіп, оған қатысқан дарынды шәкірттеріміз жеңіспен оралды. Білім бәсекесінде оза шауып, жүлделі орындарға ие болған Оралбекқызы Асылжан мен Тұрарбек Алиназды аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы, мектеп директоры Ақжол Мендығалиұлы, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары теміржол вокзалынан зор мақтанышпен қарсы алды.

Амангелді Шаймұратұлы шәкірттердің бұл жетістігі бүкіл ауданның ортақ мерейі екенін атап өтіп, олардың білімге деген құштарлығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесін жоғары бағалады және алдағы өмір жолдарына сәттілік тіледі.

Республикалық деңгейдегі додада топ жарған Асылжан мен Алиназдың бұл жетістігі — мектеп ұжымы мен ата-аналардың ортақ қуанышы. Білім бәйгесінде аудан намысын абыроймен қорғаған оқушыларымыздың биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат