
Қожагелді батыр атамыздың өнегелі ұрпақтары туған жерге деген шынайы сүйіспеншілік пен перзенттік парыздың жарқын үлгісін көрсетіп, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында игілікті істің бастамашысы болды. Ел игілігі үшін жасалған бұл сауапты қадам – ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісі.
Қожагелді батыр атындағы орта мектебіне заманауи спорт кешенін салып, талапқа сай футбол алаңы мен үлкен теннис алаңын жабдықтау, сондай-ақ хоккей кортын жаңарту жөніндегі ізгі ниеттері – жас ұрпақтың денсаулығы мен жарқын болашағына жасалған нақты қамқорлықтың дәлелі.
Бүгінде спорттық нысандарға қажетті барлық құрылыс материалдарының – қоршаулар, жасанды төсеніштер, арнайы желімдер мен құрылысшыларға арналған құрал-жабдықтардың толық жеткізілуі басталған істің жүйелі әрі жауапкершілікпен жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.
Осындай игі бастама көтеріп, туған жердің гүлденуіне үлес қосып отырған Қожагелді батыр ұрпақтарына аудандық білім бөлімінің атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Ел үшін атқарылған әрбір игі іс ұлт рухын асқақтатып, келер ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Ізгі істеріңізге береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз!