Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде

2026 жылғы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Аталған курс «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету» тақырыбын қамти отырып, білім беру үдерісіндегі заманауи әдіс-тәсілдерді жетілдіруге бағытталған.

Курс «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізіліп, оған аудан мектептерінен 23 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысуда.

Оқыту барысында педагогтер оқу мақсаттарын тиімді жоспарлау, күтілетін нәтижеге қол жеткізу жолдары, белсенді оқыту әдістерін қолдану және бағалау жүйесін жетілдіру бағытында тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда.

Курсты тәжірибелі тренер Жупар Сакановна жүргізуде. Сабақтар барысында теория мен тәжірибе ұштастырылып, қатысушылардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалуда.

Аталған курс мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.