
Ақсуат ауданында біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр
2026 жылдың 30 наурызы мен 10 сәуірі аралығында Ақсуат ауданы орталығында педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған курстар ұйымдастырылуда.
Аталған курстар аясында аудан педагогтері үшін келесі бағыттар бойынша оқыту жүргізілуде:
Курстар барысында педагогтер білім берудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеріп, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда. Оқыту үдерісінде тәжірибелік сабақтар, тренингтер және пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе бөлісуде.
Бұл курстар білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және заманауи білім беру талаптарына бейімделуіне мүмкіндік береді.