
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр
2026 жылдың 30 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылуда.
Аталған курс «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ базасында өткізіліп, оған аудан мектептерінен 23 бастауыш сынып мұғалімі қатысуда. Курсты тәжірибелі тренер Динара Бурабаевна жүргізуде.
Курс барысында педагогтер жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеріп, сабақ жоспарлаудың тиімді жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, функционалдық сауаттылығын дамыту және күтілетін нәтижеге бағытталған оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқылануда.
Тәжірибелік сабақтар, тренингтер мен пікір алмасу алаңдары арқылы мұғалімдер өзара тәжірибе бөлісіп, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда.
Бұл курс педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп күтілуде.