«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын жандандыру» (Даналық мектебінің жұмысы) тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын жандандыру» (Даналық мектебінің жұмысы) тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

«Ақсуат ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің 2025–2026 оқу жылына арналған жоспарын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 09:00-де «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын жандандыру» (Даналық мектебінің жұмысы) тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Аталған іс-шара «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ базасында ұйымдастырылды. Семинарға 10 мекемеден келген әкелер, аналар және әжелер қатысып, осы уақытқа дейін атқарылған Даналық мектебінің жұмыстарын таныстырып, өзара сайысқа түсті.

Семинардың мақсаты — ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Іс-шара соңында бөлім әдіскері К. Рахимбаева қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларды Ақсуат ауданы білім бөлімінің алғыс хаттары және дипломдарымен марапаттады.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат