
Ақсуат ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-де «Сүйемін туған тілді – анам тілін» тақырыбында аудандық Сәкен Сейфуллин оқулары өтті.
Шараның мақсаты — Сәкен Сейфуллиннің әдеби мұрасын насихаттау, оқушыларды қазақ халқының рухани құндылықтарымен таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және мәнерлеп, жатқа оқу мәдениетін қалыптастыру.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Б. Кунафин қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мустафина Айнур Маултгазиновна сайысқа қатысушыларды ережемен таныстырып, ізгі тілегін білдірді.
Байқауға аудан мектептерінен келген оқушылар қатысып, ақын шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын және сахналық мәдениетін көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, үздіктерді анықтады. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздар марапатталды.
Жүлделі орын иегерлері:
🥇 І орын — «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушысы Сүлейменов Заңғар
🥈 ІІ орын — «Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Сайлаубек Мәдина және «Көктүбек мектеп-бөбекжай балабақша кешені» КММ оқушысы Кенжебек Бекасыл
🥉 ІІІ орын — Болатбекова Айсана («М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ), Бидахмет Әмина («Тана мырза орта мектебі» КММ), Еркинова Айару («Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ)
Ана тіліміздің мәртебесі артып, ұлт руханияты жас ұрпақтың жүрегінде мәңгілік сақтала берсін! Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!