«Ауылым – асыл бесігім» атты ауқымды мәдени күндер өтеді

«Ауылым – асыл бесігім» атты ауқымды мәдени күндер өтеді

26–30 наурыз күндері Абай облысы, Ақсуат ауданында «ASSYLTAS» қоғамдық қоры мен «Абай облысының білім басқармасы» «Дарын» орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ауылым – асыл бесігім» атты ауқымды мәдени күндер өтеді.

Бұл шара ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, спорт пен білімді дәріптейтін ерекше мереке болмақ 🇰🇿

Мәдени күндер аясында облыс мектеп оқушылары арасында бірнеше тартысты әрі қызықты байқаулар мен жарыстар ұйымдастырылады:
🎤 «Ән Дария» – дәстүрлі ән байқауы
🎭 «Ауылым – асыл бесігім» – ақындар айтысы
🎯 «Ұлттық спорт – ұлттық рух» – асық ату жарысы
♟ Тоғызқұмалақ турнирі
🧠 «Бейсен және болмыс» – интеллектуалдық сайыс
🏐 «Жас ұрпақ – жарқын болашақ» – волейбол жарысы
📖 «О, туған жер!» – көркемсөз оқу байқауы

Өнер мен білім, ұлттық рух пен жас таланттар тоғысатын бұл мәдени күндер жарқын сәттерге толы болады деп сенеміз ✨

Жас дарындарды қолдап, ұлттық құндылықтарды бірге дәріптейік! ✨