"М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі" КММ-де аудандық «Үздік мектеп парламенті» байқауы жоғары деңгейде өтті

"М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі" КММ-де аудандық «Үздік мектеп парламенті» байқауы жоғары деңгейде өтті

✨ 2026 жылдың 3 наурыз күні "М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі" КММ-де аудандық «Үздік мектеп парламенті» байқауы жоғары деңгейде өтті.

Аталған шараға ауданымыздың 9 мектебінен келген командалар қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың мақсаты – мектеп парламенті жұмысын жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының тиімді тәжірибесін насихаттау.

Қатысушылар келесі кезеңдер бойынша өнер көрсетті:

🔹 «Біз біргеміз!» шығармашылық презентациясы

🔹 «Жылдың үздік жобасы» қорғау

🔹 «Шексіз идеялар» ситуациялық тапсырмалары

🔹 «Парламенттің бір күні» үй тапсырмасы (скетч)

Барлық командалар жоғары дайындықпен келіп, белсенділік пен креативтіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Алғашқы құттықтау сөз Ақсуат ауданының білім бөлімі әдіскері Мухаметрахимова Жанар Жексенбекқызына берілді.

🏆 Нәтижесінде:

Бас жүлде – К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі КММ «Amanat»

I орын – Тоғас батыр атындағы орта мектебі КММ «Laula»

II орын – Қожагелді батыр атындағы орта мектебі КММ «Болашақ жолы»

II орын – Сасан би атындағы орта мектебі КММ «Jastars»

III орын – Би Боранбай атындағы орта мектебі КММ «Болашақ қырандары»

III орын – Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі КММ «Самғау»

Қалған мектептер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен шығармашылық ізденістері үшін алғыс білдіреміз! 🌟

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат