«Талантты ардагер – талапты жас ұстаз!» тақырыбындағы педагогика саласының ардагерлері мен жас ұстаздар арасында дәстүрлі облыстық фестивальдің аудандық кезеңі өтті

«Талантты ардагер – талапты жас ұстаз!» тақырыбындағы педагогика саласының ардагерлері мен жас ұстаздар арасында дәстүрлі облыстық фестивальдің аудандық кезеңі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында аға буын мен жас ұстаздардың байланысын нығайтуға бағытталған «Талантты ардагер – талапты жас ұстаз!» тақырыбындағы педагогика саласының ардагерлері мен жас ұстаздар арасында дәстүрлі облыстық фестивальдің аудандық кезеңі өтті.

Фестиваль Кентау Назарбек — Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Абай елінің құрметті азаматы, Қазақ өнерінің қайраткері, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының вокал және аспаптық бөлім жетекшісі — және облысымыздың жергілікті композиторларының шығармашылығына арналды.

Фестиваль келесі байқаулар бойынша ұйымдастырылды:

1-байқау – онлайн форматта:

  • Жергілікті композиторлардың шығармашылығы туралы үздік эссе байқауы (ардагер ұстаздар арасында);

  • «Жергілікті композитордың шығармашылығы» тақырыбында үздік бейнеролик байқауы (жас ұстаздар арасында).

2-байқау – офлайн форматта:

  • Композитор Кентау Назарбектің патриоттық әндерін үздік орындау сайысы.

3-байқау – офлайн форматта:

  • Жергілікті композиторлардың әндерін үздік орындау сайысы (дуэт, трио, квартет, вокал).

Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, әр байқау бойынша арнайы номинациялар берілді. І орын иегерлері фестивальдің облыстық кезеңіне жолдама алды.

Облыстық фестивальге қатысатын барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! ✨

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат