Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Буллинг және педагогикалық әдеп нормалары» тақырыбында әдістемелік кейс өтті.

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Буллинг және педагогикалық әдеп нормалары» тақырыбында әдістемелік кейс өтті.

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Буллинг және педагогикалық әдеп нормалары» тақырыбында әдістемелік кейс өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және буллингтің түрлі түрлеріне жол бермеу, педагогтердің құқықтық және кәсіби мәдениетін арттыру.

Әдістемелік кейс барысында педагогтер сот отырысының көрінісі форматында бірнеше топқа бөлініп, ұсынылған жағдаяттарды талқылап, шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар постер қорғау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар әдіскер мен педагог-психологтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Әдістемелік кейске Ақсуат аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Мухаметрахимова Жанар Жексенбековна, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты. Атап айтқанда:
«Асыл» бөбекжайынан – 2 педагог,
«Әсем» бөбекжайынан – 2 педагог,
«Асыл-Шәкірт» жеке меншік балабақшасынан – 4 педагог,
«Айгөйлек» шағын орталығынан – 4 педагог,
Қызылжұлдыз ауылындағы «Нұршуақ» ұйымынан – 1 педагог,
Сұлтал ауылындағы «Асылай» шағын орталығынан – 2 педагог,
«Бүлдіршін» шағын орталығынан – 2 педагог,
Жүнісқұлов ауылындағы «Балдырған» ұйымынан – 1 педагог,
«Балдырған» бөбекжайынан – 10 педагог қатысты.

Іс-шара барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікірлерін ортаға салды.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат