Балаларға шаттық сыйлаған «Айгөлек» журналына – 25 жыл

Балаларға шаттық сыйлаған «Айгөлек» журналына – 25 жыл

Балаларға шаттық сыйлаған «Айгөлек» журналына – 25 жыл

2026 жылғы 21 ақпанда Астана қаласында балалардың сүйікті басылымы – «Айгөлек» журналының 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл айтулы мереке – жас таланттарды қолдап, олардың шығармашылығына жол ашып жүрген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін дәріптеуге арналған рухани кеш болды. Мерейтой аясында шығармашылық қабілетімен танылып жүрген оқушылар мен ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Солардың қатарында Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің жас қаламгері, 8 «Б» сынып оқушысы Жамағатов Қанағат Бауыржанұлы шығармашылық жетістіктері үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, жас ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің ардагер ұстазы Темиржанова Алма Жамағатовна ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісіне ие болды.

Жас қаламгерлерге шығармашылық шабыт, ұстаздарға қажымас қайрат, ал ата-аналарға зор қуаныш тілейміз! ✨