«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өтті

«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өтті

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 27 ақпан күні мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерімен К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде аудандық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» және «Педагог – заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыратын тәлімгер».

Іс-шараға Ы. Кабеков атындағы орта мектебінің шағын орталығы, «Балдырған» бөбекжайы, «Ақбота» жеке меншік балабақшасы, М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің шағын орталығы педагогтері қатысты. Атап айтқанда, тәрбиешілер, әдіскерлер және психологтар қатысып, тақырып аясында пікір алмасып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, педагогтерге қажетті ақпараттар мен толық мағлұматтар берді.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат