
Ақсуат ауданының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдер мен жергілікті әскери басқару органдарының ақпараттық-түсіндіру тобының іс-шарасы өткізілді.
Шараға ауданның 14 мектебінен 9–11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін кеңейтті. Кәсіби бағдар беру мамандары толық құрамда қатысты.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті әрі мазмұнды ақпараттар берілді. Іс-шара танымдық әрі кәсіби бағдар беруге бағытталған мазмұнда өтті.