
Ақсуат ауданының білім бөлімінің 2026 жылға арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес, 18 ақпан күні К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі базасында «Кәсіптік бағдар берудегі цифрлық құралдар мен нейрожелілер: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинарға аудан мектептерінің педагог-кәсіби бағдар берушілері қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тәжірибелік бағытта өтті.