
Ақсуат ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес Тана мырза атындағы орта мектебінде «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 16 жас педагог қатысып, өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін сынға салды.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және дарынды оқушылармен жұмыс тәжірибесін жетілдіру.
Байқау барысында қатысушылар жаңашыл идеяларын ұсынып, әдістемелік ізденістерін таныстырып, кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Қатысушылардың тың көзқарастары мен заманауи тәсілдері ерекше атап өтілді.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ізденісі үшін алғыс білдіреміз, ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏
#Ақсуат #Білім #ЖасПедагог #ДарындыБалалар #ТаланттыҰстаз