«Білім мен тәрбие тандемі» тақырыбындағы сынып жетекшілер олимпиадасы

«Білім мен тәрбие тандемі» тақырыбындағы сынып жетекшілер олимпиадасы

2026 жылдың 12 ақпан күні «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ-де аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж. Мухаметрахимованың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Білім мен тәрбие тандемі» тақырыбындағы облыстық сынып жетекшілер олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сынып жетекшісінің тәрбие үдерісіндегі рөлін айқындау, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау.

Олимпиадаға аудан мектептерінен 34 сынып жетекші қатысты. Қатысушылар екі кезең бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін сынға салды. Бірінші кезеңде тәрбие жұмысына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар, педагогика және психология негіздері бойынша теориялық тапсырмалар орындалды.

Екінші кезеңге өткен 21 қатысушы «Тәрбиедегі жаңашыл қадам» бағыты аясында «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарына негізделген авторлық жобаларын қорғады.

Іс-шара барысында сынып жетекшілерінің кәсіби ізденісі, шығармашылық әлеуеті және тәрбиелік жобаларды тиімді ұйымдастырудағы тәжірибелері кеңінен көрініс тапты. Олимпиада педагогтер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған жаңа идеялардың қалыптасуына ықпал етті. Мұндай мазмұнды шаралар білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесінің сапасын арттыруға және сынып жетекшілерінің кәсіби дамуына серпін береді.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ-нің 6-сынып сынып жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Амирова Балжан Бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Сонымен қатар, жұмыстары жоғары бағаланған сынып жетекшілеріне I, II, III дәрежелі дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат