Ақсуат ұстаздарының жеңісі – облыс мерейі

Ақсуат ұстаздарының жеңісі – облыс мерейі

Ақсуат ұстаздарының жеңісі – облыс мерейі

Оқу және математикалық сауаттылық бағытындағы мұғалімдер арасында өткен облыстық «Ой сандық» зияткерлік байқауында Ақсуат ауданының педагогтерінен құралған команда жоғары кәсіби дайындықты, бірлік пен зияткерлік үйлесімділікті танытып, жүлделі І орынды иеленді.

Байқаудың басты мақсаты – функционалдық сауаттылықты дамыту, педагогтердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тәжірибе алмасу және кәсіби ынтымақтастықты нығайту. Сайыс барысында команда мүшелері күрделі мәтіндермен жұмыс істеу, математикалық тапсырмаларды тиімді шешу, дәлелді пікір айту және командалық бірлікті талап ететін кезеңдерден сәтті өтті.

Облыс көлеміндегі тартысты додада Ақсуат ауданының намысын қорғаған команда құрамында төмендегі білікті ұстаздар болды:

• Мурсалимова Маржан Сүлейменқызы – «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ
• Ахатаева Балнұр Қуанышбекқызы – «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ
• Дүйсенбаева Жанат Мәулітқызы – «Өкпеті орта мектебі» КММ
• Андреева Мадина Көкісқызы – «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ
• Тлепова Айнұр Мұхаметкәрімқызы – «Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ
• Хамитжанова Баян Рахымбекқызы – «Тана мырза орта мектебі» КММ
• Сейсенбинова Динара Асқарбекқызы – «Ы.Қабеков атындағы орта мектебі» КММ
• Асқарова Айнагүл Берекелінқызы – «Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ
• Раисова Асель Маратовна – «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ
• Нұрмұханбетова Ақерке Серікжанқызы – «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

Командалық жұмыс, өзара қолдау және ортақ мақсатқа жұмыла білу нәтижесінде Ақсуат ұстаздары облыс бойынша үздік команда атанып, білім саласындағы биік белесті бағындырды.

Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, кәсіби шеберліктің және жаңашыл ойлаудың жарқын көрінісі. Жеңімпаз команданы лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат