АДАЛ АЗАМАТ – ҰЛТ ТІРЕГІ

АДАЛ АЗАМАТ – ҰЛТ ТІРЕГІ

АДАЛ АЗАМАТ – ҰЛТ ТІРЕГІ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қожагелді батыр атындағы орта мектебінде жұма күні – Ұлттық сезім күніне орай мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор «Сал-серілер дайджесті» жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Шара Құрманғазының «Адай» күйінің күмбірімен ашылып, жоғары сынып оқушылары ұлттық рухты асқақтататын тағылымды өнер кешін ұсынды.

Дайджест барысында қатысушылар халқымыздың бай рухани мұрасын жаңғыртып, ұлттық киімдерді ұлықтаудың өнегелі үлгісін көрсетті. Сонымен қатар көпшілікке «Дедім-ай-ау» халық әнін әуелете шырқап, ұлттық өнерге деген құрметтерін паш етті.

Іс-шара аясында оқушылар жігіттің жеті қазынасын, жеті атасын, үш жұртын (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты) толық әрі сауатты атап, салт-дәстүрге қатысты қойылған мазмұнды сұрақтарға нақты жауап берді. Олар өздерінің білімділігін, тапқырлығын және ұлттық сана-сезімінің жоғары деңгейде екенін айқын көрсете білді.

Бұл тағылымды шара жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, адамгершілік, салт-дәстүрге құрмет секілді асыл қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік маңызы зор рухани басқосу ретінде есте қалды.

Іс-шараны ұйымдастырған – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сұлтанбекова.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат #Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат