
5 ақпан күні К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында білім бөлімінің әдіскері Қ. Рахимбаева оқушыларға мамандық таңдау мәселесіне байланысты бағыт-бағдар беріп, маңызды кеңестер ұсынды.
Кездесудің келесі бөлімінде Ш. Қабылаев атындағы Қостанай академиясының кәсіптік бағдар беру мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға академия туралы толық мәлімет беріліп, оқу орнына түсу талаптары мен білім беру мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.
Кездесу барысында академияға қызығушылық танытқан 5 оқушы өздерінің жеке сұрақтарын қойып, мамандармен ашық пікір алмасты.
Академиядан арнайы келіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізген мамандарға алғысымызды білдіреміз.