«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТІН АРТТЫРАТЫН БІЛІМ САЙЫСЫ

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТІН АРТТЫРАТЫН БІЛІМ САЙЫСЫ

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТІН АРТТЫРАТЫН БІЛІМ САЙЫСЫ

Бүгін қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдік сауаттылығы мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Олимпиадаға білімді де талапты оқушылар қатысып, қазақ тілін меңгеру деңгейін, ой ұшқырлығын және тілдік білімін дәлелдей білді. Байқау барысында қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы өз білімдерін ортаға салды.

Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға зор үлес қосты.

Олимпиада бес бағыт бойынша өткізілді:

І бағыт – «Бейнелеушілер»

І орын – Дулат Бүлдіршін («М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Аманғазықызы Гүлім («Сасан би атындағы орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Аманғазыұлы Аян («Тана мырза орта мектебі» КММ)
ІІІ орын – Жеңіс Мөлдір («Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ)
ІІІ орын – Бауыржан Шуақ («Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ)

ІІ бағыт – «Білгірлер бәйгесі»

ІІ орын – Болатов Құдайберген («М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ)
ІІІ орын – Серікқали Айзат («Тана мырза орта мектебі» КММ)

ІІІ бағыт – «Жас қаламгер»

І орын – Сүлейменова Айзере («Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Әділбекұлы Досжан («Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Нұржанқызы Асылжан («Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ)
ІІІ орын – Сайлаубек Айзере («Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ)
ІІІ орын – Мұқайова Айзере («М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ)

IV бағыт – «Сөз шеберлері»

І орын – Бейсенбеков Диас («Тоғас батыр орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Айдынқызы Ұлпан («К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Бекмұханбетова Назым («Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ)
ІІІ орын – Оралхан Әлихан («Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ)
ІІІ орын – Ділшат Еркежан («Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ)

V бағыт – «Әнші-бұлбұлдар»

І орын – Болатхан Еркежан («К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Тұрсынғазы Сезім («Тоғас батыр орта мектебі» КММ)
ІІ орын – Орал Бақтияр («М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ)
ІІІ орын – Тұрсынғазы Саят («Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ)
ІІІ орын – Маратұлы Ибраһим («Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ)

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы марапаттарға ие болып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

Бес бағыт бойынша І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымыз аудан намысын абыроймен қорғап, облыстық кезеңнен жүлделі оралады деген сенімдеміз.

Мұндай білім сайыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.