Ардагер ұстазды құттықтау

Ардагер ұстазды құттықтау

Аудандық білім бөлімінің басшысы Қыдырмолдин Амангелді Шаймұратұлы аудан мектептерінде ұзақ жылдар бойы математика пәнінің мұғалімі ретінде жемісті еңбек еткен Ілбекова Шеризат Қайырбекқызын 80 жас мерейтойымен құттықтап, арнайы сыйлық пен гүл шоқтарын табыс етті.

Сонымен қатар, білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін және жұбайы Қапаров Әміртай ағамен бірге аудандағы ұстаздар әулетінің негізін қалаушылардың бірі болған Шеризат Қайырбекқызына Абай облысы білім басқармасының басшысы Б. Ердембековтың Алғыс хаты табысталды.

Ардагер ұстаздар өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыс тілеп, ақ баталарын берді.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат