«Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беруші педагогтерге арналған аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары

«Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беруші педагогтерге арналған аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары

Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 30 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінде «Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беруші педагогтерге арналған аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинарға аудан мектептерінің кәсіби бағдар беруші педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бағдарламаға сәйкес, 2-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беруші педагог А. Балпанова «Бұл қай мамандық?» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар интерактивті тақта арқылы түрлі тапсырмалар орындап, мамандықтар әлеміне саяхат жасап, әр кәсіптің ерекшеліктерімен танысты. Балалар өз әсерлерімен бөлісіп, сабаққа белсенді қатысты.

Сонымен қатар, кәсіби бағдар беруші педагог С. Аубакирова 7–10-сынып оқушыларымен «Мен мамандық таңдай аламын» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар топтарға бөлініп, өз ойларын ортаға салып, ашық пікір алмасты. Шара барысында жоғары белсенділік танытып, мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы тұжырымды ойлар айтты.

Семинардың тақырыбы жан-жақты ашылып, қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Қатысушылар мектеп ішіндегі «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ мектептегі қолөнер бұйымдары, музей экспонаттары, оның ішінде тарихи жәдігерлер көрсетілді. Мектептің кәсіби бағдар беру бағытында осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары таныстырылды.

Семинар соңында аудан мектептерінен келген педагогтер өз пікірлерімен және алған әсерлерімен бөлісті.

Іс-шараны білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна қорытындылап, семинар барысында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін педагогтер С. Аубакирова мен А. Балпановаға білім бөлімінің сертификаттарын табыс етті.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат