
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қаңтар айы – «Заң мен тәртіп» айлығы аясында «Даналық мектебі» және «Әжелер мектебі» жобалары негізінде Қожагелді батыр атындағы орта мектебінде «Өнеге сағаты» ұйымдастырылды. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангүл Керейханқызы өткізді.
«Оюмен өрілген өнеге» тақырыбындағы тағылымды шарада «Жас дизайнер» үйірмесінің жетекшісі Қаламқас Оңғарбекқызы қыз балалар мен әжелерге тігін машинасымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, құрақ көрпе тігудің қыр-сырын үйретті.
Шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығының маңызын насихаттау, ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Құрақ құрау – жай ғана матаны біріктіру емес. Ол – тәртіп пен дәлдіктің, симметрия мен түстер үйлесімінің көрінісі. Сонымен қатар сабақ барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ұлттық өнерді заманауи стильде дамыту жолдары да көрсетілді.
Тағылымы мол өнеге сағатында ардагер ұстаздар оқушылармен, әжелер немерелерімен бірге ұлттық қолөнерді дәріптеп, өнегелі әңгімелерін бөлісті.