
📚3 қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж. Мухаметрахимова педагог-психологтермен 2025-2026 оқу жылы бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру бойынша жиналыс өткізді.
🔰Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
✅Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 бұйрығы;
✅Білім беру ұйымдарындағы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің құжаттамасын жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
✅Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды қатыстыру, психология саласы бойынша оқушылардың ғылыми-ізденістік қабілеттерін дамыту туралы;
✅Педагог-психолог мамандарының курспен қамтамасыз етілуі;
✅Психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің нормативтік құжаттары бойынша ақпараттық жұмыстар;
✅Жылдық жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар;
✅Авторлық бағдарламаны жетілдіру әдістері
📖Жиналыс соңында педагог-психологтер өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.