Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде «Болашақ мектептері» ұлттық жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Барлық оқу кабинеттері заманауи технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған. Бұл инновациялық оқыту әдістерін енгізуге және оқу үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.